02.01.2021
Өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде
Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер нұротандық Айдар Кокебаев пен Алмагуль Балтакаева аудандық аурухананың қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы, ондағы медицина саласында болатын оң өзгерістер туралы айтылды. Айта кетсек, «Nur Otan» партиясы өкілдері бұған дейін Қазақстан өңірлерінің бәрін аралап, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап қайтқан еді. Соның нәтижесінде партияның сайлауалды бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама әр облыстың қалалары мен аудандарына арнайы әзірленген.
Кездесуге келген ақ халаттыларға аталған бағдарлама аясында Абай ауданында атқарылатын оң өзгерістер туралы баяндалды. Дәрігерлер де кандидаттарға аудандағы проблемалар туралы айтты. Айдар Кокебаев пен Алмагуль Балтакаева бұл мәселелердің сайлауалды бағдарлама аясында шешілетінін айтты.
«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді
Похожее