ШҚО-да индустриалдық аймақтармен жұмыс жасайтын компания құрылады

29.06.2017

Аталмыш жұмыс Оңтүстік Қазақстан облысының тәжірибесінен алынып отыр.

Бүгінгі таңда ШҚО-да 3 инустариалдық аймақ бар: «Өркен КШТ», «Өндіріс» және Машиностроителей көшесі бойындағы аймақ. Үш бірдей аймақпен жұмыс жасау үшін «Ертіс» ӘКК» жанынан «Индустриалды аймақтарды басқарушы компания» жұмысын ұйымдастыру қолға алынған.

Аталмыш жұмыс Оңтүстік Қазақстан облысының тәжірибесінен алынып отыр.

– Машиностроителей көшесі бойындағы индустриалды аймақта инфрақұрылым жақсы дамыған. Бұл үшін 36,5 млн теңге қаражат қажет. Аталған аймақ бойынша тағы екі жоба бар. Қазірде жобаны іске асырушы компаниялармен келіссөз жүргізілуде, – деді «Ертіс» ӘКК» ҰҚ» АҚ төрағасының м.а. Антон Крамаренко.

Ал «Өндіріс» аймағы бойынша өндіріс көлемі 60 млн теңге және салық мөлшері 10 млн теңге құрап, 40 адамды жұмыспен қамтыған 3 жоба іске асып жатыр. Қазірде инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жасалуда.

– Үшінші индустарлды аймақ инфрақұрылым дамуын қажет етпейді. Қазірде аймақтың ішіне апаратын жол мен әкімшілік мекеменің құрылысы жоспарланып, жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде, – деді Антон Крамаренко.

Похожее