ШҚО-да көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша атқарылатын жұмыстың механизмі әзірленді

14.03.2019

Көпбалалы отбасынан шыққан балалар тегін мектеп формасын, жазғы лагерьге жолдама, мектепке дейінгі, техникалық және кәсіптік білім алады.

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың төрағалығымен, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысында, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар туралы баяндалды. Кездесу облыстың барлық аудандары мен қалалары үшін селекторлық режимде өтті.

Жаңа оқу жылында, жалпы білім беру қорының қаражаты есебінен білім ордалары мектеп формасын сатып алады. Осылайша,  көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 33 582 оқушыға тегін мектеп формасы беріледі. Осы мақсатта облыстық бюджеттен қосымша 500 млн. теңге бөлінетін болады.

Сонымен қатар, ата-аналардың өтініштерін ескере отырып, жергілікті бюджет қаржыландыратын мектеп формасының үлгісі таңдалды. Бұл күнделікті, қысқы және спорттық форма, күртелер мен аяқ киім. Аталған отбасылардың әр баласына ата-анасының таңдауымен тек бір ғана киім беріледі. 

Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға мектепке дейінгі мекемелер тегін.  Бұған дейін жергілікті бюджет балабақшадағы білім беру қызметін ғана қаржыландырып отырған. Ал енді бүлдіршіндер тегін тамақтанатын болады. Осы мақсатта қосымша 266,4 млн. теңге бөлінеді. Көпбалалы отбасылардан шыққын студенттер колледждерде тегін білім алады.

Білім басқармасы көпбалалы отбасынан, аз қамтылған, жетім және ата –анасының қамқорлығынсыз қалған 9-11 сынып оқушыларының санын анықтады. Олар еңбек нарығында сұранысқа мамандықтар бойынша ТжКБ жүйесінде тегін оқытылады.

-2019-2020 оқу жылына студенттерді қабылдауға 7 930  орын беріледі. Ол үшін 5,4 млрд. теңге жұмсалады. Сондай-ақ, аудандардағы оқушыларға кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізіп, қажетті мамандықты таңдауға мүмкіндік беру керек, - дейді облыс әкімінің орынбасары Асем Нүсіпова.

Сонымен қатар, жиналыста жақында өтетін мәслихаттың кезекті сессиясында көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету шараларымен қоса, колледждерді жабдықтауға байланысты үш жылдық бағдарлама да қолдау табады. Бұл үшін 7 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр.

Облыстағы көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар жазғы демалысқа барады. 2018-2019 оқу жылындағы 1-10 сынып оқушыларының саны 176 244 адамды құрайды. Биыл облыста 990 сауықтыру лагері жұмыс істейтін болады.

 -Биыл қалалар мен аудандардың бюджеттерінен 280 151 мың теңге қаражат бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық. Аталған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балалар жазғы демалыспен міндетті түрде қамтылады, - деді облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Похожее