ШҚО-да әрбір үшінші жұмысшы кәсіпкерлік саласында еңбек етеді

22.02.2019

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде айтылды.

Өткен жылы облыста нақты жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес нысандарының саны 110 пайызға көбейген, олар шығаратын өнім көлемі 123 пайызға артқан, сондай-ақ аталған субъектілерден түскен салық мөлшері 130 пайызға ұлғайыпты. Мұнымен қоса, былтыр өңірде жаңадан 13 мың жұмыс орны ашылған.

2018 жылы Бизнестің жол картасы бағдарламасына 2,5 миллиард теңге жұмсалған. Бизнестің субсидияланған және кепілдендірілген жобаларының саны бойынша облыс елімізде көш бастап келеді.

«Даму» қорымен бірге «Ақ Ниет» өңірлік жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша 51 жобаға 2,8 миллиард теңгенің қаржысы құйылды.

Мұнымен қатар, Кәсіпкерлікті қолдау картасына 71 инвестициялық жоба енгізіліпті. Ал, іске қосылған 40 жоба бүгінде өздерінің жоспарлы қуатына жеткен.

Былтыр 136 миллиард теңгенің алты жобасы аяқталды, оның ішінде ірісі – Бақыршық тау-кен байыту кешені.

Алдағы меже – 2022 жылға дейін 24 жобаны 581 миллиард теңгеге қаржыландыру. 

Похожее