18.07.2019
Жұмыс тобының құрамында ШҚО прокуратурасы, ШҚО Ішкі істер департаменті, облыстық еңбек инспециясы басқармасының, ШҚО көлік және автомобиль жолдары басқармасының басшылары, ШҚО тауар және қызмет қауіпсіздігі сапасын бақылау департаменті, «КазАвтоЖол» АҚ ШҚОФ басшылары бар.
Жұмысшылардың басты шарты – жұмыс және тұру шарттарын жақсарту, жалақы мөлшерін көтеру. Кездесу барысында Облыс басшылығымен «Синьсин» компаниясының бас директоры арасында ортақ келісім хаттамасына қол қойылды:
Жалпы жұмысшылардың жалақысы атқарған жұмыстарына сәйкес 120.000 теңгеден 360.000 теңгеге дейін болады.
Жағдай қалыпқа келтірілді, мекеме кестеге сәйкес жұмыс істеп тұр. Сағат 14.00-ге қарай барлық жұмысшылар өз міндеттерін атқаруға кірісті. Жұмысшылар облыс басшылығына мәселені тездетіп шешіп және көрсетілген көмектері үшін ризашылықтарын білдірді.
Бұдан тыс, ШҚО бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына, «КазАвтоЖол» АҚ ШҚОФ-на (келісім бойынша) және өзге жауапты құзырлы органдар алдына Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес еңбек келісімдеріне тексеру жұмыстарын жүргізу міндеті қойылды. Сонымен қатар жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына жұмылдырылған шетелдік компаниялардағы қазақстандық жұмысшыларға жалақы төлеу мен еңбек жағдайын жасауды бақылау.
Хаттаманың орындалуы бойынша ШҚО әкімдігі тарапынан бақылау жүргізу бекітілген.
Похожее