29.03.2019
Жиынды бастаған ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев ішкі істер органдарына қызметке тұрған кезде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында белгіленген қоғамдық тәртіпті өз өмірін аямастан қорғауға ант беріп, қызметтік міндетттерін батылдық пен қайсарлықпен атқарып жүрген тәртіп сақшыларының адал қызметін атап өтті.
- Осындай хабар естігенде еріксіз өз бойыңнан, жүрегіңнен өткізесің. «Мен осы баланың орнында болсам қандай әрекет жасар едім», - деген ой пайда болады. Күнделікті қауіп-қатермен бетпе-бет кездесетін полицейлердің сапында Шалқар Ақымғалиев сынды батыр да ержүрек қызметкерлер барын, тәртіп сақшылары үнемі азаматтарды қорғап, қол ұшын беруге дайын екеніне кәміл сенемін, - деп ойымен бөлісті полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев.
Атыраулық полицейдің ерлігі, кезекті рет қазақстандық тәртіп сақшыларының қатарында халқының батыр ұлдарының қызмет етіп жүргенін дәледегенін ШҚО ішкі істер органдары және Ұлттық Ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Ғалиұлы Үдербаев тілге тиек етіп, жиналған қызметкерлермен үлгі-өнегесімен бөлісті.
Іс-шараға жиналған жеке құрам өз тарапынан қаралы жанұяның қасынан табылып, демеу болуға әзір екенін білдіріп, марқұмның отбасына қаржылай көмек көрсетуге шешім қабылдады. Тәртіп сақшылары қайғы жамылған әріптесі отбасының жаралы жандарын жұбатып, қол ұшын созуға әрдайым әзір.
Жиынды өзін аямастан адам өміріне араша түскен, антына адал жаужүрек Шалқар Ақымғалиевты еске алу үшін бір минут үнсіздікпен аяқтады.
Похожее