ШҚО полиция қызметкерлері 10 тонна контрафактілік алкогольді тәркіледі.

20.03.2019

Шығыс Қазақстан полицейлері 10 тоннадан астам алкоголь өнімін заңсыз тасымалдаудың жолын кесті.

 18 наурызда «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасын өткізу барысында Үржар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шанағына 5 литрлік ыдыстағы мөлшері 2000 астам данадан астам алкоголь өнімін тиеген жүк автокөлігін анықтады.  

 Тексеру барысындағы 40 жастағы көлік жүргізушісі және оның  жолаушының түсіндіруінше, олар алкоголь өнімін Үржар ауданының аумағына өткізу мақсатында әкелген.  Әкеле жатқан жүктеріне қандай да бір құжаттар ұсына алмады. 

Осы факті бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, тасымалданған жүк тәркіленді, тиісті сараптама тағайындалды.  Іс материалдарын тергелу реті бойынша жолдау туралы мәселе шешілуде.  

Похожее