ШҚО прокуратурасында пенитенциарлық пробация мәселелері талқыланды

29.03.2019

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында ведомствоаралық кеңес отырысы өткізіліп, онда пенитенциарлық пробация саласында заңдылық жай-күйінің мәселелері талқынады.

        Кеңес жұмысына қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің басшылығы, түзеу мекемелерінің, қалалық, аудандық пробация қызметінің бастықтары, қала, аудан прокурорлары қатысты.

Аталған бағытта ҚАЖД органдары жүргізіп жатқан нақты жұмысқа қарамастан, облыс прокурорлары түзеу мекемелерінің әкімшіліктері, сондай-ақ, тиісті қызметтер тарапынан бірқатар елеулі кемшіліктерді анықтаған.

Негізгі бұзушылықтарды бірі – әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламаларын үстірті құрастыру болып табылады. Көбінесе, онда сотталғандардың мемлекеттік қолдау шараларының жоқтығы көрсетіледі, ал, қарсы тексеру шеңберінде олардың бұл туралы мүлде хабарсыз екені анықталған.

Нәтижесінде 20-дан астам жеке бағдарламалар құрастырылды, тек ОВ 156/16 мекемесінде 10  жеке бағдарлама құрастырылған.

Пробация қызметі мен түзеу мекемелерінің арасында жеке бағдарламаларды, сотталғандарға алдағы уақытта босатылуы туралы хабарламаларды жолдау, оларға жинақтау істері мен аталған субъектілер мен ҚАЖД-нің қызметін жалпы үйлестіру бөлігінде өзара іс-қимылдардың жеткіліксіздігіне назар аударылды.

Пробация есебіндегі тұлғалардың жазаларын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру заңдылығының мәселесін талқылағанда және ҚАЖД органдарына қайталама құқық бұзушылықтар туралы ескерту жолдаған кезде  жеңіл жазаны ауыстыру туралы ұсынысты енгізу кезінде нақты шараларды қамтамасыз етіп, прокурорларға осындай істер бойынша дәйекті ұстанымды қолдау жөнінде тапсырма берілді. Кеңес отырысының қорытындылары бойынша жазаны ауыстыру мәселелері және пенитенциарлық пробация заңдылығын нығайтуға бағытталған бірқатар ұсыныстар берілді.

«Барлық пробация субъектілерінің келісілген жұмысы, оларға заңмен жүктелген міндеттерін қатаң сақтау, қылмыстық саясатты ізгілендіру аясында ерекше маңызға ие институттың әрі қарай дамуына ықпал етіп, сотталғандардың құқықтарын қорғауын қамтамасыз етеді»,- деп атап өтті облыс прокурорының орынбасары А.Тілешев.  

Айта кету қажет, пенитенциарлық пробация түсінігі  заңнама деңгейінде 2016 жылы «Пробация туралы» Заңын қабылдау кезінде енгізілген. Оның басты міндеті – жаңа құқық бұзушылықтардың жасалауына жол бермеу мақсатында сотталғандардың әлеуметтендіруі, ол сотталғандарға қатысты бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылуға бір жыл қалғанда қолданылады.

Похожее