ШҚО прокуратурасында сот орындаушыларының жұмысы талқыланды

17.05.2019

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы сот орындаушыларының мемлекет пайдасына қаражат өндіру бойынша жұмысына тексеру жүргізіп, бірқатар бұзышылықтарды анықтады, Осы бұзушылықтар мүдделі органдардың қатысуымен ведомствоаралық жедел кеңес отырысында қаралды.

Сот орындаушылары борышкерлерге елден тыс аумақтарға шығуына шектеу қоймағаны, сондай-ақ, борышкерлердің мүлкіне тыйым салмағаны анықталды. Нәтижесінде, борышкерлер еш кедергісіз шет елдерге барып, қозғалымды және қозғалымсыз мүліктерін сатып, ақшаларын жұмсаған. 

Мысалы, мемлекет алдында 5 млн.теңге берешегі бар 17 тұлғаның банк шоттарына тыйым салмауы салдарынан борышкерлер өздерінің есепшоттарынан 27 млн.теңге  алған. 

Басқа жағдайда, елден тыс жерлерге баруына шектеу қойылмағандықтан,  7 борышкер мемлекеттік шекарадан 38 рет өткен.

Сот орындаушылары жалақы мен басқа да табыстарға тыйым салмауы  - ең көп таралған бұзушылық болып табылады. Барлығы, тексеру барысында 584 осы тектес фактілер анықталды. Нәтижесінде мемлекетке өндірілетін 25 млн.теңге берешек өтелмей қалған.

Бұдан басқа, сот орындаушылары кәсіпорындардың теңгеріміндегі мүліктің болуы жөніндегі мәліметтерден хабарсыз, себебі, борышкерлердің тіркеу орнына бармайды. Қазіргі кезде 179 заңды тұлғаның мемлекет алдында 1,8 млрд.теңге берешектері бар.

Мүдделі органдардың есептерін тыңдап, облыс прокурорының орынбасары  Азамат Тлешев осы бағытта жұмысты ширатуды тапсырды. Қала, аудан прокурорларына сот орындаушыларының мүлікті өндіру жөнінде қабылдаған шараларын тұрақты түрде зерделеу және ірі атқарушылық өндірістер бойынша орындалған жұмыстар туралы есеп құрастырып, оларды шешу амалдарын дәйектеумен өзекті мәселелерді талдау ұсынылды.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша жекеше сот орындаушылар палатасы басшысының атына қадағалау актілері енгізілген, оларды қарау нәтижелері бойынша тәртіптік жауаптылыққа 17 сот орындаушы тартылды, екі сот орындаушысының лицензияларын тоқтату туралы әділет Министрлігіне ұсыныс жолданды.

Похожее