14.03.2019
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлар Департаментінің, ШҚО табиғат пайдалану және табиғи ресурстарын реттеу Басқармасының, «Шығыс Су Қоймалары» ҚММ-нің басшылары, сондай-ақ, бейнекоференцбайланысы арқылы қала, аудан әкімдері қатысты.
Уәкілетті органдар көктемгі су тасқыны мерзімінде төтенше жағдайлардың тәуекелін азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы баяндады. Атап айтқанда, іс-шаралар Жоспары әзірленді, қажетті техника жеткізілді, жанар-жағар және суды бөгетту материалдары қалыптастырылды. Елді мекендерден қар шығарылды, қорғау бөгеттері нығайтылды, өзендердің жағаларын бекіту жұмыстары жүргізілді.
Ауылдар мен қалаларды су басу қатерін алдын алу үшін адамдарды уақытша орналастыру пунктері, сондай-ақ, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жедел топ құрылды, адамдарды көшіру бағдарлары әзірленді.
Есептерді тыңдап, облыс прокуроры өткен жылы орын алған ахуалды болдырмау бойынша қосымша шараларды қабылдау қажеттілігін атап өтті.
Облыс прокуроры «су тасқыны мерзіміне толық дайындық туралы есепке қарамастан, 2018 жылдың сәуір айында облыста табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланып, 1,5 үйді су басқан, 3 мың адам қауіпті аймақтан көшірілді»,-деді.
Сондай-ақ, барлық уәкілетті және мүдделі органдарға алдағы су тасқыны мерзімінде аса назар аудару талап етілетінін атап өтті. Басты міндет –азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың мүлкін сақтау, қоршаған ортаға және мемлекетке келтірілетін ықтимал залалдың алдын алу.
Осыған байланысты, жауапты органдарға нақты нұсқаулар мен ұсыныстар беріліп, оның ішінде, барлық жоспарлық іс-шараларды өткізу, жұмыс топтарының соңғы қарауы нәтижелерінде анықталған бұзушылықтарды жою, профилактикалық жарылыстардың жүргізілуіне бақылауды қамтамасыз ету, маңайда орналасқан елді мекендердің қауіпсіздігін барынша сақтай отырып, өзендердің қауіпті жерлерінде мұзды бөлшектеу жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Похожее