ШҚО прокуратурасының қызметкерлерін бірден әлемнің үздік 4 жоғары оқу орны қабылдады

10.07.2019

ШҚО прокурорының екі көмекшісі Канат Айкенов және Лаура Айкенова әлемнің үздік университеттерінің біріне түсті – University of California Berkeley.

2017 жылы оларға «Құқықтану» мамандығы бойынша магистратурада Америка Құрама Штаттарында оқу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясы берілген болатын.

Өткен жылы олар құжаттарын Американың үздік 4 университетіне тапсырған – Калифорния Университеті (Беркли), Нью-Йорк университеті, Пенсильвания Университеті және Корнельдік университет, және оларды барлығы қабылдаған.

Олардың таңдауы Калифорния университеті болды. Ол университет 1866 жылы құрылған және әлемнің үздік университеттерінің бестігіне кіреді.

Бұл жоғары оқу орнында 7 Нобель сыйлығының лауреаттары дәріс береді, ал жалпы, университетпен Нобель сыйлығының 100 лауреатының есімдері байланысты.

Бұл университеттегі құқықтану мектебі әлем бойынша құқық мектептерінің ішінде 7-ші орын алады, сол себепті, болашақ студенттерді де өте мұқият таңдайды.

Негізі, абитуренттердің жалпы санының  10% -дан азы ғана осы оқуға түседі.

Мысалы, 2018 жылы магистратурада оқуға өтініш берген 3000 адамның ішінен 250 ғана оқуға түсе алды.

Магистратурада оқу  академиялық бір жылға созылады және 2019 жылдың тамыз айында басталады, демек, 2020 жылдың мамыр айында прокуратура қызметкерлері Қазақстанға қайтып оралып, алған білімдерін жұмыс барысында қолдана бастауына болады.

 

Похожее