09.10.2017
Бүгіннен бастап Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Құсайын Игембаев әйгілі әлеуметтік желінің пайдаланушысы ретінде өз парағын ашты, деп хабарлайды 16news.kz сайт мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Өзінің бірінші жарияланымында облыс прокуроры белсенді диалог жүргізуге және өзара тиімді байланыс орнатуға дайын екенін атап өтті.
«Фейсбук» парағында облыс прокуроры соңғы жаңалықтармен бөлісіп, алдағы жоспарлары туралы айтатын болады, ал, жазылушылардан аумақтағы өзекті проблемалар туралы ақпарат күтеді.
Айқындық және ашықтық - облыс прокуратурасы бүгінде өз жұмысын құратын басты қағидалар. Өзінің жеке парағын аша отырып, прокурор пайдаланушылармен жемісті ынтымақтастық құруға үміттенеді.
Фото: баспасөз қызметінен ұсынылды
Похожее