ШҚО жасотандықтары тұрғындардың қауіпсіздігін қадағалауда

17.08.2018

Шығыс Қазақстанның «Жас Отан» ЖҚ Өскемен қалалық Төтенше жағдай және ішкі істер басқармаларымен бірге өрт шығу қаупі бар үйлерге рейд жүргізді. Айта кету керек, жыл басынан бері биыл облыс орталығында 120-дан астам өрт оқиғасы болып, 19 адам қаза тапқан.

ТЖ басқармасы атап өткендей, өрттің басты себебі – электрсымдарындағы ақаулар, отты абайсыз пайдалану, сонымен қатар тұрмыста қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы.   

Инспекторлар мен жасотандықтар ат басын бұрған алғашқы «жайсыз» мекенжайда ішімдікті асыра ішетін әйел тұрады. Төрт баланың анасы үйіндегі бейберекетсіздікке аса бас қатырмайтын да сынды. Есікті бірден ашпаған ол, бірнәрсе тыңдауға құлықсыз екенін білдірді. Бұған қарамастан рейд қатысушылары мәселені егжей-тегжейлі түсіндіріп, қауіпсіздік пен пеш қолданудың ережелерін айтып берді. Ал Жергілікті полиция қызметкерлері бала тәрбиесін талапқа сай жүргізбеуі туралы қатаң ескерту жасады. Келесі үйге сапар сәтсіз аяқталды. Қожайындар балалар мен егде жастағы азаматшаны сыртынан жауып кеткен екен. Нұсқаманы есіктің арғы жағынан жүргізуге тура келді. 

Үлкен жастағы адамдар, оған қоса балалар үйде қамалып қалулары, расымен өзекті мәселе. Көрсеткіштерге көз жүргітсек, дәл осы санаттағы адамдар өрт кезінде пәтерден өздері шыға алмай қалады. Ал оның соңы қайғылы аяқталуы да ықтимал. Сондықтан ТЖБ инспекторларымен бірге үйлерді аралап, балалар мен жастарға қарапайым тілде қауіпсіздік ережелерін түсіндірудеміз, - дейді облыстық «Жас Отан» ЖҚ кеңесшісі Шолпан Мұсабаева.  

Еріктілер Мирный шағын ауданындағы келесі үйдің балалары үшін шын қуанып қалды. Отанасы ішімдік ішуді қойып, жұмысқа орналасқанын жеткізді. Жүргізілген нұсқамадан кейін жедел қызмет нөмірлері көрсетілген жадынамалар берілді. 

Алайда, рейд барысында есіктерін әдейі ашпаған тұрғындар да болды. 

Кейбір азаматтармен жеке кездесе алмағанымыз өкінішті, әрине. Десе де, өртке қарсы нұсқаулығымызды естіген адамдар барлығын ережеге сай істейді деген сенімдеміз, - деді облыс орталығының ТЖБ-ның өкілі Марина Лискова.

Айта кету керек, Өскеменде қыркүйектің 1-і бастап өрт қауіпсіздігі айлығы өтеді. Оның аясында мамандар өрт шығу қаупі бар үйлері толық аралап, есепке алады. 

Похожее