20.12.2018
Іс-шараға «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қоры, Азиялық даму банкі, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және БҰҰДБ өкілдері қатысты.
Инвестициялық ірі жобалардың бірі Глубокий ауданында «Халықаралық тау шаңғысы курортының функцияларын орындауға қабілетті шаңғы спорты бойынша оқу орталығының құрылысы» болып отыр. «Альтай Альптары» тау-шаңғы курортының директоры Александр Чиликиннің айтуынша, жобаны жүзеге асыру мемлекеттің қысқы спорт түрлері бойынша жетістіктерін арттыруға жол ашады. Қазақстандық спортшыларға отанда толық қанды жаттығу жасау мүмкіндігі туады.
«Қазіргі таңда тау-шаңғы курортында 4 арқанжол бар. Біз ТМД-ның озық ондығына кіріп те үлгердік. Тағы екі арқанжол салып жатырмыз, сонымен қатар шатқалды жасанды қарландыруды жоспарлап отырмыз. Осылайша маусымды ұзартпақпыз. Спортшыларымыз елден шықпай-ақ жаттығу жасауға мүмкіндік алуын қалаймыз», – деді Александр Чиликин.
Оның айтуынша, қазіргі таңда жобаға 2 млрд теңгеден астам несиелік және жеке қаражат салынған. Тағы 1 млрд 200 млн теңге қаражат керек. Оның 20%-ы жеке қаражат, 80%-ы – несиелік қаражат болады деп болжануда. Жоба шеңберінде курорт территориясында жасанды қармен қамту үшін жер асты суларды алуға ұңғыма тесіледі, тағы екі арқанжол пайдалануға беріліп, спортшыларға арналған корпустар, мүкәммал сақтау, шаңғы стадионы мен биатлон ату алаңы салынбақ.
«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік ретінде мемлекеттік көмекке, сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы қаражат алып, инфрақұрылымды жолға қоюды жоспарлап отырмыз», – деді тау-шаңғы курортының басшысы.
Іс-шарада, сонымен қатар емдік-сауықтыру кешені құрылысы, Үржарда концерттік-билеу алаңын салу, «Қожагелді» емдеу-сауықтыру кешенін салу Бесқарай ауданында «Жаңа ауыл» киіз үй қалашығын салу жобалары таныстырылды.
«Биыл туризм саласы бойынша ШҚО Кәсіпкерлер палатасы сүйемелдеуінде 52 инвестициялық жоба бар. Бүгін олардың 13-і таныстырылды. Оларды жүзеге асыру және қаржыландыруға дайын әзірлемелер, бизнес-жоспарлар кепілзаттары да бар», – деп қорытындылады ШҚО директоры орынбасарының міндетін атқарушы Қайрат Мамырбаев.
Похожее