15.08.2018
Алайда ауыл тұрғындарының үйлеріне сол күйі су жеткізілмеді. Оған себепші – жұмысты мерзімінде аяқтамаған мердігер мекеме.
- Тапсырыс беруші «Шемонаиха-Су арнасы» ЖШС. Жалпы, жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) 2013 жылы дайын болатын. Сол уақыттан бері қаражат көзін іздедік. Красная Шемонаиха ауылының су алу ғимараты 1970 жылы бой көтерген және күрделі жөндеуді талап етеді. Сондықтан жаңасын салу тиімдірек болды. Бірақ, қаржыландыру мәселесі тек 2,5 жылдан кейін шешімін тапты. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 262 миллионнан астам теңге бөлінді, - дейді Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Молдаханов.
Жұмыс уақтылы атқарылмаған соң, мердігердің келісімшарт міндетін орындамауы туралы сотқа арыз түсірілді. Шығарылған шешімге сай, «Өскемен құрылыс» ПСК ЖШС 2018 жылдың қаңтарына дейін істі аяқтау тиіс еді. Алайда, жобаны жүзеге асыру барысында тасты жердің ерекшелігін есепке алу және екі су қойманы су айдауыш мұнараға ауыстыру қажеттілігінен ЖСҚ-ға түзетулер енгізу құпталған. Партияның Шемонаиха аудандық филиалының бірінші орынбасары Елена Шабанованың айтуынша, егер алғашқы нұсқаны қалдырса, ауылдықтарға судың құны алтынмен тең болмақ.
- Аудандық филиалдың партиялық бақылау комиссиясы міндетті түрде жер телімдерін қалпына келтіру туралы ұсыныс жолдады. Себебі, жобада әуелбаста қателік кеткен. Сонымен қатар, жол жабындысын қайта жасау қажет. Себебі, бұл көшеде жүру қиынға соғып отыр. Партиялық комиссия жағдайды бақылауда ұстауда, - деді Шемонаиха аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елена Шабанова.
Қазіргі таңда ЖСҚ түзету мен мемлекеттік сараптама қорытындысын алу үшін аудандық бюджеттен 3,04 миллион теңге бөлінді. Тамыздың соңына дейін сараптама нәтижесін алу жоспары тұр. Ал әзірге жобаны облыстық бюджеттен қаржыландыру жағы қарастырылуда. Себебі бұған дейін игерілмей қалған 68 миллион теңге республика қазынасына қайтарылған.
Похожее