29.12.2018
«Ауыл шаруашылығын қаржыла қолдау қоры» фермерлік шаруашылықтарды қолдауға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыруда. Несиелер ет бағытындағы тұқымды мал басын сатып алуға беріледі. Бұл келешекте табынның өнімділігі мен отандық етті шетелге экспорттау көлемін арттыруға әкеледі.
Елена Закимова, «Елена» ШҚ басшысы:
Қазақы ақбас сиыры 20 ғасырдың ортасында шығарылған және күрт континенталды климатқа бейімделген. Жаңадан туылған бұзаудың салмағы 27-30 кг болады, ал 8 айға қарай салмағы 240 кг дейін өседі.
Данияр Үсіпбеков, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Шығыс Қазақстан филиалының директоры:
- Мал басының өсуін қамтамасыз етуге және ірі қара еті экспортының көлемін арттыруға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасы арқылы Шығыс Қазақстан облысында 2,3 млрд теңгеге 56 жоба мақұлданды. Оның ішінде 45 шаруашылық 1,7 млрд теңге көлемінде несиелерді алып, жұмыстарын жүргізуде. Жалпы, бұл бағытта жергілікті шаруашылықтар шет елден 3 мыңнан астам тұқымды ірі қара мал басын әкеледі және 3 мыңнан астам ұсақ мүйізді мал басын сатып алады деп күтілуде.
Жалпы, республика бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» «Сыбаға» бағдарламасымен 15,4 млрд теңгеге 756 шаруашылықтың өтінімдері мақұлдады. Несиелік қаражатқа 26 мың ірі қара және 74 мыңға жуық ұсақ мүйізді мал басы сатып алынуда.
Похожее