20.03.2019
Алқа отырысының барысында прокуратура органы жүргізген талдау көрсеткендей, соңғы жылдары олардың профилактикасы бойынша оңды үрдіс байқалады. Нәтижесінде олардың саны 3 есе азайған.
Егер 2005 жылы 250 кісі өлтіру қылмысы тіркелсе, өткен жылдың нәтижелері бойынша – 87 қылмыс тіркелген. Аталмыш қылмыстардың себептері қызғаныш пен жеке бас араздығы болып табылады. Көптеген жағдайларда осы тектес қылмыстарды жұмыссыз тұлғалар отбасылық-тұрмыстық жанжал және спирттік ішімдіктерді бірлесіп ішкен кезде жасайды. Мысалы, өткен жылы 75 немесе 82 % сотталған тұлғалар кісі өлтіру қылмыстарын жасаған кезде алкогольді мас күйінде болған.
Талдау мәліметтері бойынша қылмыстардың ашылуы 90% құрайды. Қаралатын санаттағы істер бойынша соттар ақтау үкімдерін шығармаған, істер ақтау негіздерімен тоқтатылмаған.
Сонымен қатар, қылмыстарды жасау мән-жайлары мен материалдарын зерделеген кезде прокуратура кісі өлтіру қылмыстарын анықтау және тергеуінде жүйелі мәселелерді анықтаған. Бұл жергілікті атқарушы органдарының халықпен және жергілікті полиция қызметінің бұрын сотталған тұлғалармен, сондай-ақ, есептегі тұлғалармен лайықты профилактикалық жүмысының жортығы.
Сондықтан, облыс прокуроры өз сөзінде осы тектес қылмыстарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау үшін принициалды жаңа әдістерді іздестіру қажеттілігі туралы атап өтті.
Алқа отырысының қорытындылары бойынша құқық қорғау органдарының қылмыстылықпен күрес бойынша тиімділікті аттыруға бағытталған келісілген шешімдер мен әрекеттер әзірленіп қабылданды.
Қала, аудан прокурорларына жер-желерде қасақан кісі өлтіру қылмыстарын ашу, тергеу, проифилактикасы бойынша лайықты үйлестіруін қамтамасыз етіп, жедел жұмыстың жай-күйіне қадағалауды күшейту тапсырылды.
Похожее