Шығыс Қазақстан облысында ауылдық жобаларға үш миллиард теңгеге жуық сома бөлінді

06.11.2018

«Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қоры» АҚ Шығыс Қазақстан облысында 2 млрд 876 млн теңгеге 594 ауылдық жобаны қаржыландырды. Несиелер ауылдық кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне, шару қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарға берілді.

Сиявуш Дүсіпов Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Өскемендегі ҚР Қарулы күштері қатарында қызмет еткен ол капитан деңгейіне жетіп, 2013 жылы жұмысынан өз еркімен кетті. Бұған әкесінің туған өлкесі Қарабұлаққа оралу туралы кеңесі себеп болған еді. «Нұрали» шаруа қожалығы нөлден басталды. Алдымен егін шаруашылығын қолға алды. Бүгінде 500 гектардан аса егін алқабы бар, 10 жұмысшы еңбек етуде.

«Сыбаға» бағдарламасының аясында мен 34 миллион теңге алып, РФ Алтай аймағынан герефорд тұқымынан 50 бас ірі қара сатып алдым. Малдың бұл тұқымы етті көп береді, бір жастағы бұқалардың тірі салмағы 300 келіге дейін жетеді. Аталған тұқымдағы ірі-қаралар біздің климаттық жағдайымызға бейімделген. Малдың жем-шөбін өзіміз дайындаймыз. Егер алға қойған мақсат пен еңбек ұштасса, бизнесімнің гүлдене түсеріне сенемін»

Биыл мал басын көбейту және ірі қара мал етін экспорттау көлемдерін арттыру үшін Қор жаңартылған «Сыбаға» бағдарламасын енгізді. Бұл бағыттағы қаржы ірі қара және ұсақ мүйізді аналық мал басын сатып алуға жұмсалады.

  • «Сыбаға» бойынша облыстық филиал тарапынан 1,2 млрд теңгеге 39 жоба мақұлданған. Бұл қаржыға жергілікті ұсақ мүйізді мал мен шетелден етті бағыттағы сиырлар сатып алынуда. Облыс бойынша жылдың соңына дейін мыңнан астам ірі қара әкелінеді.

Бүгінгі таңда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ келесі бағыттар бойынша несиелеуді жүргізеді: «Игілік» - мал мен құсты ұстау және көбейту, «Бірлік» - сүт қабылдау бекеттер жүйесін құру және дамыту, «Кәсіпкер» - ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес бизнес түрлерін дамыту,  «Ырыс» - 50-10 ІҚМ басына арналған тауарлы сүт фермаларын құру және дамыту, «Егінжай» - көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру.

Жалпы, барлық бағыттар бойынша ең жоғары кәсіпкерлік белсенділікті - Аягөз, Жарминск, Зайсан, Тарбағатай, Ұлан ауданының тұрғындары көрсетуде.

Ауылдық кәсіпкерлікті қаржыландыру Қордың өз қаржысы мен «Еңбек» бағдарламасының екінші транш аясындағы қаржы арқылы жалғасуда. 

Похожее