26.06.2019
Тексеру барысында кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілері анықталды. Атап айтқанда, күн панельдерін сатып алған қожалықтарға субсидияларды беру мәселесі ұзақ уақыт шешілмеген. Жергілікті атқарушы органдар дотацияларды заңсыз алу схемасын пайдаланған бірнеше кәсіпкерлерді анықтап, басқаларға, сондай-ақ, ыждахатты кәсіпкерлерге субсидияларды төлеуден бас тартқан.
Прокуратураның бастамасымен арнайы жұмыс тобы құрылды, олар шаруашылықтарға ақшалай қаржы төлеу жөнінде ұсыныстарды әзірлейтін болады.
Бұдан басқа, малы жоқ немесе өтінімдерінде бөтен малды көрсеткен шаруа қожалықтарын заңсыз субсидиялауының 4 фактісі анықталды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тексеру барысында, асыл тұқымды малды өсіру, сақтау және тиімді пайдалану бойынша дотация алушылардың міндеттемелерін бұзу фактілері анықталды. Барлығы облыс бойынша 261 шаруа қожалықтары 78 млн.теңге сомасына жасалған келісімнің шарттарын орындамаған. Осы дерек бойынша уәкілетті органдар аталмыш қаражатты мемлекетке қайтару жөнінде жұмысты бастады.
Бүгінгі таңда 97 кәсіпкерлер ерікті түрде 13 млн.теңге қайтарды, сотқа 26 шаруа қожалықтары бойынша материалдар әзірленуде, тағы да 13 талап-арыз соттың қарауында.
ЖШС басшылары мен шаруа қожалықтарының салықтан жалтару фактілері да орын алған. Мысалы, 78 кәсіпкер жылдық жиынтық табысында 400 млн. теңгеден астам субсидия сомасын көрсетпеген. Жеке кәсіпорындар өз жұмысшыларына зейнетақы төлемдерін аудармаған. Салық органдары түспеген салық және зейнетақы төлемдерін өндіру бойынша шараларды қабылдауда. Қазіргі кезде 14,5 млн.теңге қайтарылды.
Осы мәселені алқа отырысында қарап, облыс прокуроры уәкілетті органдарға субсидиялау саласында жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған ұйымдық және практикалық шараларды қабылдауын тапсырды.
Похожее