07.09.2018
Ең алдымен, үміткерлер мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінде тестілеуден өтіп, арнайы сертификат алуы тиіс (ақпаратты 8(7232)76-50-82 телефоны арқылы алуға болады). Осыдан кейін ШҚО прокуратурасына кадрларды іріктеуіне қатысу туралы өтініш береді (Пермитин к-сі, 21, телефоны 8 (7232)241834).
Әрі қарай, прокуратура органдарында қызмет етуге ниет білдірген үміткерлер облыс прокуратурасында компьютерлік тестілеуден өтеді (өзімен бірге жеке куәлік болуы тиіс).
Тестілеуді үздік тапсырған үміткерлер әскери-медициналық комиссиясында куәландырудан және полиграф тексеруінен өтеді.
Сонымен қатар, үміткерлер ШҚО Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Департаментінде арнайы тексеруден өтеді. Бұл үшін 3 жұмыс күні ішінде үміткер кадрлық қызметке келесі құжаттарды: сауалнама (нысан бойынша); жеке куәліктің көшірмесі ЖСН бірге; 3х4 фотосурет (2 дана); толық өмірбаян (өз қолымен жазылған, нысан байынша); нотариус куәландырған диплом (егер шетелде оқыса - дипломды тану немесе нострификациялау туралы құжат); табыс пен мүлік туралы декларацияны тапсырғаны туралы анықтама (жұбайы немесе зайыбы); аты, жөні, тегінің өзгеруі туралы (жақын туыстары), аты, жөні, тегі ауыстырылғаны жөнінде мемлекеттік тіркеу құжатының көшірмесін тапсырады.
Соңында үміткерлер конкурстан өтеді. Бос лауазымды орындардың тізімі жергілікті баспасөз басылымдарында және прокуратура органдарының ғаламтор-ресурстарында жарияланады.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы
Похожее