Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасындағы тағайындаулар

17.04.2019

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары болып Виталий Николаевич Шабер тағайындалды.

В.Н.Шабер 1978 жылы туған. С.А.Аманжолов атындағы  Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Прокуратура органдарында қызметін 2002 жылы Шемонаиха ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Кейіннен прокурор, басқарманың аға прокуроры, облыс прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары, Өскемен қаласы прокурорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.

2010-2014 жылдары аралығында Риддер қаласының прокуратурасын басқарды.

         2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін Зырян ауданының прокуроры.

Осы тағайындауға дейін облыс прокурорының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

Прокуратура органдарындағы өтілі 16 жылдан асады. Сыныптық шені –әділет кеңесшісі.

Похожее