Шығыс Қазақстанда ардагерлерге құрмет көрсетілді

03.10.2018

Шығыс Қазақстанда белсенді түрде «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы жүзеге асуда. Мақсат – ҰОС ардагерлерінің, жалғыз қалған тыл еңбеккерлері мен егде жастағы азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсарту. Партияның облыстық филиалында Қарттар күніне орай, аймақтың әр ауданынан келген 20-дан астам ақсақалдар мен ақжаулықты әжелердің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде «Қартын ардақтай білген елің рухы үстем, шаңырағы биік» деген.    

Облыстық филиал ғимаратында өңірдің ең белсенді және құрметті қарттары бас қосты. Олардың дені Отан игілігі үшін ең құнды байлығын – өмірінің саналы ғұмырын тарту етті. Сөзсіз, қариялар салған сара жол көпке өнеге. Төрағаның Бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов атап өткендей, бүгінгі ұрпақ аға буыннан адалдық, мықтылық, адамгершілік, қарапайымдылық пен ұлтжандылық қасиеттерді бойға сіңіре өсуі керек.

- Шығыс Қазақстан облыстық филиал атынан Сіздерді мейраммен құттықтаймыз! Бұл кездесу мемлекетіміздің, Елбасымыздың Сіздерге деген қамқорлығынының бір көрсеткіші болсын. Сіздер әрдайым елде болып жатқан елеулі оқиғалардың қасында жүргендеріңізді қалаймыз. Сондықтан әрқашан қолдап, қамқорлық танытатын боламыз, - Әнуарбек Мұхтарханов.

Кездесу бейресми түрде, дастархан басында өтті. Аға буын өткен күннің естеліктерін еске алып, ұсыныстарын жеткізді. Солардың бірі – Сайламхан Қалиқызы Көкпекті ауданынан келген. көп жылдар бойы партияның Бастауыш ұйымын басқарып келген. Ұлағатты ардагер ұстаз нұротандықтарға ағылшын тілін оқытуда қолға алынып жатқан жобаларға бағасын берді.

- «Нұр Отан» партиясына ризамын. Бүгін міне, бізді шақырып, құрмет көрсетіп жатыр. Көп рахмет! Бүгінгі кездесуде мен ағылшын тілі мәселесін көтердім. Біздің балалар мемлекетіміз 30 елдің қатарына енуі үшін ағылшын тілін жетік білуі тиіс. Бірақ, қазіргі таңда мектепте ол сабақтың сағаты азайды. Сондықтан, ағылшын тілі клубтары дәл уақытында қолға алынған жоба деп білемін. Бұл бағыттары жұмыстар жалғасып, дәстүрлі болса деген аудан жастарының тілегін алып келіп отырмын, - деді Сайламхан Қалиқызы.

Айта кету керек, 2017 жылдан бастап облыстық филиал 45 564 азаматты қамти отырып, 1500 аса іс-шара ұйымдастырды. Арнайы зерттеу нәтижесінде әлеуметтік карта жасалынды. Оған ҰОС ардагерлері, жалғызбасты тыл еңбеккерлері мен жалғызбасты қарттар кірді. Олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы зерттелінді. Бұған қоса, өңірде ҰОС ардагерлерінің құрметіне қойылған ескерткіштер мен мемориалдарды қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылды. 

«Қарттарым, аман-саумысың?» акциясы аясында қариялардың үйлерін жинау, тазалау, аулаларын қалпына келтіру сияқты әлеуметтік және атаулы медицинадық көмектер берілді. 

Бұл күні барлық қонақтарға тарту жасалынып, сыйлық-сертификаттары табыс етілді. Айта кету керек, акция өңірде бір ай бойы өтеді. Эстафетаны аудандық аумақтық филиалдар қабыл алды.

Похожее