Сарапшылар Орталық Азиядағы жерді қолдан суару жүйесін жаңғырту мәселесін талқылады

22.11.2019

Алматы, 19 қараша 2019 ж. – Орталық Азияның бес елінен келген  80 сарапшы бүгін өңірдегі қолдан суару саласын жетілдіріп, дамыту жайын талдау үшін Алматыда бас қосты.
«21 ғасырдағы жерді қолдан суаруды жаңғырту бойынша өңірлік бастамаларға қадам» атты екікүндік  семинарға жерді қолдан суару саласы бойынша өңірлік және халықаралық мамандар, шешім шығарушы орган, ғылыми-зерттеу институттар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. 
Су-энергетикалық сала Орталық Азия елдерінің экономикасы үшін маңызды саналады. Ауылшаруашылығы ЖІӨ шамамен 11 пайызын құрайтын Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстанда 10 млн га болатын ауыл шаруашылық жерлері қолмен суару үшін су ресурстарына мұқтаж.
Орталық Азия мен Қазақстандағы жерді қолдан суаруды жаңғырту алдағы 10 жылда 20%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға арттырады деп жоспарланған.

Тиімді қолдан суару саясаты су ресурстарына келер күшті азайтуға көмектеседі. Бұл Орталық Азия елдері үшін, әсіресе, маңызды. Себебі, аймаққа Европа мен Орталық Азиядағы суы аз 9 елдің бесеуі кіреді. Осы ретте қолдан суару жүйесін жаңғырту, әсіресе, Қазақстан аумағында суды жинап, игерілетін жер мен суды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
«Бізге Орталық Азияда жерді қолдан суару жүйесін жетілдірудің тиімді әрі инновациялық әдістері қажет», – деп Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто мырза атап өтті. «Мен бұл семинардың тың идея мен шешімдер табуға көмектесетініне, сондай-ақ, Орталық Азиядағы су және азық-түлік қауіпсіздігін арттыру бойынша жұмыстарды нығайтады деп сенемін».
«Өңірдегі суармалы жерлер әлі де өзінің экономикалық әлеуетін толық пайдаланбай келеді. Бұл төменгі өнімділік пен өндірістік-тұрмыстық жүйенің әлсіз дамуына алып келген. Біз өз шаруаларымызға сапалы суару қызметін ұсынуға тиіспіз. Оны су шаруашылығы ұйымдарының әлеуетін арттыру арқылы жүзеге асыруға болады», - деді ҚР геология және табиғи ресурстар министрлігінің су ресурстары Комитеті төрағасы Арман Тұрлыбек.
Бұл семинар – қолдан суару саласы бойынша барлық Орталық Азиядан келген мамандардың басын білім, тәжірибе алмасуға қосып, серіктестікті нығайтуға бағытталған алғашқы шара. 
Тәжірибелік семинарды Орталық Азияға арналған су-энергетикалық бағдарламасы (CAWEP) мен су қауіпсіздігі және санитария бойынша жаһандық серіктестік ұйымдастырды. CAWEP көпқырлы донорлық трастты қор. Оны Дүниежүзілік Банк Орталық Азия елдерін білім алмасу, зерттеу жұмыстарын жүргізу саясатын құрып, жобаларды дайындау арқылы су және энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған. 
CAWEP Еуропалық Одақ, Швейцария үкіметі (SECO арқылы) және Ұлыбританияның халықаралық даму департаментімен қаржыландырады.  Өткен аптада Ташкентте тра,8стты қордың қолдауымен  сумен жабдықтау және санитария қызметтерін көрсетудің климаттық тұрақты жүйелерін құрудың алдыңғы қатарлы тәжірибелерін талқылау бойынша аймақтық іс-шара өтті.
***
Қосымша ақпарат алу үшін келесі байныс көздеріне хабарласыңыз: 8 7172 76 98 56, +7 702 578 78 27, email: media@askredpoint.com

Похожее