Семей қаласында өрт сөндірушілер шаруашылық жеке жайлардағы өртті сөндірді.

05.02.2020

Өткен түні Семей қаласындағы жеке үй аумағында тұрған бір шатырдың астында салынған көлік тұрағы, жаздық ас үйі мен монша қызыл жалынға оранды.

Нақтылап өтсек, от гараж бен жазғы ас үйдің шатырын шарпыған, өрт барлық аумағы 80 шаршы метрді құраған. № 2 Өрт сөндіру қызметі бөлімінің қызметкерлеріне кешкі сағат 22 00 де хабар келіп түседі. Ышқына шыққан дабылдың үнінен шұғыл жасақталған сөндірушілер тобы 2 автоцистерна көлігі мен 8 адамнан құралып оқиға болған жерге қас қағым сәтте жетеді. Өрттің шығу себебін арнайы мамандар жіті тексеруде. Алдын ала келіп түскен мәліметтерге сүйенсек, өрттің тұтану себебтері пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамағандықтан, сонымен қатар электр тогының қысқа тұйықталуынан дейді сала мамандары.

Операция барысында өрт сөндірушілермен қатар авариялық құтқару мамандары селбесе отырып жұмыс атқарған. Неге десеңіз апат орын алған кезде үйдің шатырындағы электр сымдарының кернеуінен 380 вольтті көрсетіп тұрды. Жанындағы үйдің аумағына тарап кетпес үшін, «ШҚ АЭК» авариялық құтқарушылары үйді тоқтан ажыратып тастаған. Өрт сөндіру қызметкерлері сындарлы сәтте ұтқыр қимылдап, оңтайлы шешім қабылдауының арқасында жалынды лезде ауыздықтай алды. Осылайша алапат ыстыққа қарамастан құтқарушылар бір жарым сағатта түгелімен өрт ошағының көзін жойды.

Осы оқиғадан ойға түйетініміз, айтып келмейтін апатты болдырмас үшін алдын алған жөн. Ол үшін өрт қауіпсіздігі нормаларын ұстанып, әркез қайда болсақта жадымыздан шығармауымыз қажет.

Похожее