Семей қаласының Достық үйі Қазақстан халықтарының бірлігі күнін онлайн форматта тойлайды

27.04.2020

1 мамырда елімізде Қазақстан халықтарының бірлігі күні аталып өтеді. Коронавирустық пандемиясына байланысты мерекені онлайн режимінде өткізу туралы шешім қабылданды. Сол себепті қалалық Достық үйі семейліктер үйлерінен шықпай-ақ тамашалай алатын бірқатар іс-шараларын дайындап қойды. 

- 27 сәуір мен 1 мамыр аралығында біз Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған бейнероликтерді шығарып отырамыз. Көрермендер Бірлік күні мерекесіне арналған онлайн-концертті тамашалай алады. Сонымен бірге этно-мәдени орталықтардың тарихын көрсететін Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған бейнефильм ұсынылады. Бірінші мамырда «Возрождение» неміс орталығы дайындаған суреттердің онлайн байқауы және басқа да көптеген қызықты мастер-класстар күтілуде, - деп қалалық Достық үйінің директоры Надежда Шарова айтып берді.
Бейнероликтерді Достық үйінің Фейсбук және де Инстаграмдағы парақшаларынан көруге болады.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Похожее