05.04.2019
- Біз Атырау қаласына арналған автобустарды жинауды аяқтадық, - деді М. Мәкішев. – Енді қалаға арналған автобустар құрастырылады. Келісім-шарт бойынша 110 "Daewoo" және 60 "Dong Feng"маркалы автобустарын құрастыратын боламыз .
М. Мәкішевтің айтуынша, 170 автобустың 30-ы үлкен класты, 80 орта және 60 шағын класты. Қазақстандық қамту 40-45 пайызды құрайды. Автобус шанағы көлік құрастыру зауытының өзінде дайындалмақ . "Daewoo" автобустарын жинауда 111 адам жұмыс істеп, автобустарға 24 ай мерзімінде кепілдік беріледі . Жоспар бойынша құрастыру жұмыстары алдағы айларда аяқталады.
Естеріңізге салсақ, жақында қала әкімі Ермак Сәлімов қоғамдық көлік жұмысын тексерді. 4 және 5 маршруттарда рейд жүргізген Е. Сәлімов , қала тұрғындарына алдағы уақытта барлық ескі автобустар жаңасына ауыстырылатынын хабарлады.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қоғамдық көлік жұмысын өз бақылауында ұстап, автобус парктерін жаңарту мәселесін бірнеше рет көтерген болатын.
Похожее