Семейде ұлттық Жас Ұлан сарбаздары ант қабылдады

29.01.2018

Ұлттық Ұланы «Шығыс»өңірлік қолбасшылығына қарасты 5511 әскери бөлімінің 200 –ге жуық жас сарбаздары ант қабылдады.

Осы жолы да, әдеттегідей, Семей өңірінің сарбаздары еліміздің оңтүстігінен – Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарынан келген жас сарбаздармен толықты, деп хабарлайды 16news.kz


Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 5511 әскери бөлімінің командирі, подполковник Азамат Смағұлов айтуынша, бұл жас сарбаздардың міндеті қаладағы қоғамдық тәртіпті қадағалау мен түзету мекемелерін күзету болмақ.

Шараға Шығыс аумағының әскери прокуратураның аға прокуроры әділет майоры Бауыржан Малдыбаев арнайы келіп, жас сарбаздарды ант қабылдау рәсімімен құттықтады7

- Бүгін қаламыздың қоғамдық өмірінде – айқын оқиға, Ұлттық ұлан қатары жас әскери қызметшілермен толықтырылды. Олар халық пен Қазақстан Республикасы Презиндентіне адал қызмет етуге ант қабылдады. Қоғамдық тәртіпті қорғау, Отанды қорғау - жас сарбаздардың негізгі міндеті болатынына сенім білдіремін. Осы міндетті абыроймен жүзеге асыруға командирлер мен басшылары көмектеседі деп ойлаймын. Қазақстан Республикасы қызмет етуде биік жетістіктерге жете  беруге тілектеспін,- деді Б. Малдыбаев.

Ант қабылдау рәсімінде оңтүстіктен арнайы келген ата – аналар да көп болды. «Бұл менің Семей қаласына алғаш рет келуім. 5511 әскери бөліміне кіргеннен кейін өзімнің әскер қатарына қабылданғанымды сезіндім. Бүгін Семей жерінде Отан алдындағы борышымды адал атқаруға ант бердім және іс жүзінде орындауға бар күш жігерімді саламын», - дейді Алматы облысы Ақсу ауданан келген жас сарбаз Мирас Серікқазин.

Материалды дайындаған тәрбие бөлімшесінің офицері, капитан Дархан Айтуғанов

Похожее