Тарбағатай ауданы толықтай таза ауыз сумен қамтылатын болады

31.12.2020

2025 жылға дейін Тарбағатай ауданы толықтай таза ауыз сумен қамтылатын болады. Бұл туралы  Шығыс Қазақстан облыстық маслихатына «Nur Otan» партиясынан үміткер Қайрат Қабдешұлы Тарбағатай ауданының халқымен кездесу барысында айтты.

«Есіктен есікке» акциясы үй-үйді аралап үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген үміткер сауда орталықтарында болып тұрғындармен кездесіп,  «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» «Nur Otan» партиясының  сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өткен 5 жылдағы партияның сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылған ауқымды шараларға тоқталды.
 

«Өздеріңіз білесіздер ауданымызда, көптеген ауқымды шаралар жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда тұрғындар қолайлы өмір сүруі үшін мемлекет тарапынан түрлі  бағдарламалар қабылданып жүзеге асуда. Алдағы уақытта да «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін ауданымыз толықтай таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады», – деді Қайрат Қабдешұлы.
 

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Похожее