Жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарғаны үшін жазаның түрі ауыстырылды

17.10.2018

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында Көкпекті аудандық №2 пробация қызметінің К.-ға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаға ауыстыру ұсыным құжаттары қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай  К. 24 шілде 2018 жылы ҚК-нің 339-бабымен сотталып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Пробациялық есепте тұрған екі айға жетпес  уақыт аралығында сотталған жаза өтеу тәртібі мен шарттарып бұзған, пробация қызметін ескертпей тұрғылықты ауылынан басқа жерге кеткен, 2 рет ӘҚБтК-нің 440-бабымен қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін жауапқа тартылған, кестемен белгіленген уақыт аралығында тұрғылықты жері, жұмыс орны бойынша себепсіз негіздермен болмаған, сөйтіп К. бір жылдың ішінде екі рет қоғамдық тәртіпке қарсы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, қайталап сот үкімімен тағайындалған міндеттерді орындамғаны  жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарғаны деп танылады. Сот, осы жайттарды және сотталғанмен бірнеше қабат профилактикалық әңгімелесу жүргізілгенін, жазаның түрі өзгертілуі жайлы ескерту жасалғанын назарға алып, сотталаған К. өзіне тиісті қорытынды жасамай, соттың сенімін ақтамаған, жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасауы мүмкін деген тұжырымға келді.

Сот қаулысымен К.-қа тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасының  өтелмеген мерзiмi 10 ай 7 күні, дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаға ауыстырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Похожее