31.12.2020
Сайлау алды штаб жұмысы
Қазақстан Республикасының" Тәуелсіздігі" мерекесі күні "Nur Otan" партиясы аудандық сайлау алды штабының мүшелері Көлденең ауылдық округ тұрғындарына үгіт - насихат жұмыстарын жүргізді.
Аталмыш шараға ауылдық округтің тұрғындары барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып қатысты.
Шара барысында ауданның келелі мәселелері көтеріліп, болашақтағы ауданның даму жолдары көрсетілген партияның жоспарлары талқыланды.
Қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, маңызды сұрақтарға жауаптар алды.
Тұрғындар өз тарапынан мереке күні құттықтай келген штаб мүшелері алғыстарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
"Nur Otan" партиясының сайлау алды штабының жұмысы өз жалғасын табады.
«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді
Похожее