09.11.2019
«Қазір 1 миллион бала АӘК алады. Мүмкін осы балаларды АӘК алатын бөлек топқа шығару үшін арнайы механизм қарастыру керек шығар. Оны арнайы әлеуметтік карталардың көмегімен жасауға болады, мұндай пилоттық жоба қазір Ақтөбеде жүзеге асып жатыр.
Балаға пластикалық әлеуметтік карта беріледі, бәрі сол картаға байлаулы, ол жол ақысын төлеп, мектепте бақылау пункті арқылы өткізе алады. Осы карталардан балалардың тамақтануына, мектеп формасы мен керек-жарақтарына, сондай-ақ жол ақысына АӘК-тің бір бөлігін аударуға болады.
Біз үшін, ең алдымен, балалардың киініп, тоқ жүргені, денсаулығы зор болғаны қажет емес пе?! Осы механизм арқылы біз, бір жағынан, атаулы көмекті күшейтіп, қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ете аламыз, өйткені бұл қаражатты басқа нәрсеге жұмсауға болмайды».
Похожее