02.05.2019
Қазақстандай құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлкеде 130-дан астам ұлт өкiлi, бiр атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмiр сүрiп келе жатыр. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкiлдері Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде де қызмет атқаруда. Ток-шоудың басты кейіпкерлері ШҚО Полиция департаментінде қызмет етіп жүрген Тергеу басқармасының тергеушісі Махфуза Ибраимовна, Жедел қимылдайтын арнайы жасағаның аға инспекторы Плындин Илья Александрович және Сей Александра Эриковна, Арнайы және жұмылдыру басқармасының инспекторы Мусатаева Кира Равильевна болды.
Бүгінде ШҚО Полиция департаментінің жедел қимылдайтын арнайы жасағында қызмет етіп жүрген полиция капитаны Илья Александрович Плындинның ұлты орыс болғанымен қазақпен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен, тілегі бір азамат. Ол: «қазақ қызымен отбасын құрдым, қазақ елінің ұлттық құндылықтарына құрметпен қарап, қазақ халқын қарапайымдылығы, қонақжайлылығы мен бауырмалдығы үшін ерекше бағалаймын, отбасында қазақ және орыс халықтарының мерекелерін бірге мерекелейміз. Мемлекеттік тілді жетік меңгергенімнің көп пайдасы тиді», – деді.
Бүгінде тергеу басқармасында тергеуші болып қызмет етіп жүрген Махфуза Ибраимовна ұйғыр қызы жұмысына бар ынта-жігерімен қылмыстық істерді мемлекеттік және ресми тілдерде жүргізуде.
Жедел қимылдайтын арнайы жасағында қызмет етіп жүрген кәріс қызы, ерлерден аспаса да бір елі қалмайтын жауынгер Сей Александра Эриковна талай белестерді бағындырған ??? Қазақстан чемпионы. Польшада білімін жетілдірген ол ? тілде еркін сөйлейді.
Қылмыскерлердің жолын торуылдап, олардың жолын кесу міндетін атқарып жүрген, тәртіп сақшыларының жауынгерлік күрес тәсілдері мен атысқа даярлайтын, ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының түлегі арнайы және жұмылдыру басқармасының инспекторы Мусатаева Кира Равильевна, өскелең ұрпаққа асқақ армандарына жету үшін аянбай еңбек етуді, қиыншылықтардан мойынұсынбауға кеңес берді.
Іс-шара соңында Илья Александрович М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін оқып, ұлттары басқа, жүрегі мен тілі бір көпұлтты полицейлер, қатысушыларды келе жатқан мерекемен өз ана тілдерінде құттықтап, естелік суретке түсті.
Похожее