Қоғамдық келісім – тұрақтылық кепілі

09.11.2018

Қарағанды облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі кездесуі Балқаш қаласында да өтті. Бұған дейін аталған кеңес мүшелері Приозерск қаласының тұрғындарымен кездескен еді.

Балқаш қаласының жуырда ғана ашылған «Рухани жаңғыру» мәдени орталығында өткен бұл жүздесуге қала әкімінің орынбасары С.Жақсылықова, ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Беркен, Балқаш қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Ш.Сыздықова, этномәдени орталық өкілдері, мемлекеттік мекеме басшылары және қала жастары қатысты. Басқосудың модераторы - Балқаш қаласының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Л.Власова ашып-жүргізіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауына қысқаша тоқталып өтті. Бұдан соң, Қарағанды облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, білім меценаты Бекзат Алтынбеков өз кезегінде, күн тәртібіндегі қоғамға байланысты бірқатар мәселелер бойынша қысқаша тоқталып, шараның негізгі мақсатымен таныстырды. 

"Қазақстандағы көп этносты қо­ғам үшін әлемде кездесетін мә­де­ниеттің, тілдің, дәстүрдің өзгеше­лігін ескере отырып, алуан түрлі­лікке негізделген бағытқа бетбұру өте маңызды бо­лып табылады. Бүгінде «Рухани жаңғы­ру» бағдарламасының осы және өз­ге де бағыттары Қазақстан хал­­қы Ассам­б­леясы қызметі аясында орын­­далып жатыр. Ең басты­сы, Қазақ­станның бүкіл тұр­ғындарын, аймақтағы жер­лерді қамтитын инс­титуттық механизмдер тиім­ді жұмыс істеуде. Солардың ал­дың­­ғы қатарында Қазқстан халқы Ассамблеясының Қоғам­дық келісім мен Аналар кеңестері тұр.Этномәдени бірлестіктер ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтау және насихаттаумен шектелмей, қоғамдық-саяси маңызы бар жұмыстарда да қозғаушы күшке айналды. Аналар кеңесі, медиаторлар, Қоғамдық келісім кеңестері, меценаттар мен қайырымгерлер, жастар қанаты облысымызда пайдалы істердің басынан табылып жүр. Қоғамдық келісім кеңестері елдегі тұрақтылық пен келісім, бірлікті сақтауға қызмет етеді.Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінгі таңда атқарып жатқан қызметі қоғам өмірінің барлық саласын қамтуда ",- деді.
Кездесуде Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Ерлан Құсайын, «Полония» Қарағанды облыстық поляк қоғамының төрағасы Виталий Хмелевский Елбасы Жолдауын және мемлекеттік бағдарламаларды басты бағдар етіп, еліміздің ертеңі үшін қажет маңызды жұмыстарды бірге атқаруға шақырды. 
Біршама уақытқа созылған Қоғамдық келісім кеңесінің кездесу шарасында 
қатысушылар тарапынан ұсыныстар , сұрақтар мен пікірлер айтылды.

Похожее