20.04.2019
Департамент басшысының жеке қабылдауына келген Айнұр Шапатовна жұбайы ішкі істер органдарының қызметкері полиция капитаны Самат Талғатұлымен қазіргі уақытта пәтер жалдап жүрген көпбалалы отбасы, жеке қабылдауға қызметтік пәтер беру туралы өтініші оң шешімін тапты.
Айнұр Шапатқызы мен оның жұбайы Самат Талғатұлы алтын асықтай төрт баланы тәрбиелеп отыр. Тұңғыш ұлы Ильжас қазіргі уақытта өзінің Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуде. Ерекше күтімді қажет ететін 16 жастағы Ельдар, қыздары Малика мен Жанеля мектеп қабырғасында білім алуда.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 2007 жылы Шемонаиха ауданы ішкі істер бөлімінің патрульдік полиция взводының полицейі лауазымынан бастаған Самат Талғатұлы, отбасының ұйытқысы жұбайы Айнұр Шапатқызының қолдауының нәтижесінде, қазіргі уақытта кезекші бөлімнің кезекші инспекторы ел тыныштығын қорғау жолында тынымсыз еңбек етуде.
Похожее