Құрметті облыс тұрғындары !

12.01.2019

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына өзгерістер енгізілгендігі жөнінде хабарлаймыз

    Өзгерістер «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау бойынша тестілеуге және жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту барысында растық деңгейі бойынша шекті мән қойылған.

    «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу стресске орнықтылық (10 тапсырма), бастамашылдық (10 тапсырма), жауапкершілік (10 тапсырма), қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану (10 тапсырма), адалдық (10 тапсырма), өздігінен даму (10 тапсырма), жеделділік (10 тапсырма), ынтымақтастық және әрекеттестік (10 тапсырма), қызметті басқару (10 тапсырма), шешім қабылдау (10 тапсырма), көшбасшылық (10 тапсырма),стратегиялық ойлану (10 тапсырма), өзгерістерді басқару (10 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тапсырмалардан тұратын болады.

Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайтын болады.

Тесттерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутты құрайтын болады.

Сонымен қатар, 2018 жылы берілген жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеудің қорытындылары тестілеу тапсырған уақыттан бастап 1 жылға дейін жарамды екенін жеткіземіз.

Похожее