Өскемен қаласында «Жергілікті жерде жастар саясатын жүзеге асыруды бағалау және мониторинг жүргізу» тренингі өткізілді.

28.11.2019

Тренинг «Катализатор прогресі» жеке қорымен Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.

Семинарда қалалық және аудандық жастар ресурстық орталықтары қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері және активистер қатысты.

Тренингті жүргізуге «Жастар» ғылыми зерттеу орталығы жанындағы Ұлттық тренерлер пулының сертификатталған тренерлері шақырылды:

- Узарова Луиза Магамедовна, «Жастар» ҒЗО директоры;

- Сыздыкова Аида Амановна, «Жастар» ҒЗО жастар арасында «Рухани жаңғыру» құндылықтарын енгізу орталығының жетекші сарапшысы.

Тренинг бағдарламасы жастармен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін арттыруға, жастар саясаты саласындағы институттардың бірігіп жұмыс істеуіне жағдай жасауға және жастар ортасындағы өзін-өзі басқару үдерістерін белсенді қылуға бағытталған. Тренерлер қатысушыларды мемлекеттік жастар саясатының ұғымдық өрісімен, Қазақстандағы жас азаматтың бейнесімен, жастар саясатының индикаторлары, жастар белсенділігін ынталандыру әдістері және жастармен жұмыстың қағидаларымен таныстырды. Сонымен қатар жастар саясатының сұранымдарын бағалау мен жастармен тиімді қарым-қатынас орнату жолдары туралы білім берді.

Оқу бағдарламасы аясында топпен формалды емес жұмыс жасалды. Ал жұмыс білімді арнайы жаттығулар мен бейресми білім берудің техникалары көмегімен эмпирикалық тәжірибе арқылы алуға бағытталған.

Похожее