Өскеменде дәстүрлі «Үздік әлеуметтік жоба» облыстық байқауының қорытындысы шығарылды

06.09.2019

Нәтижесінде төрт жоба үздік атанып, олардың авторлары қазір республикалық байқауға қатысуға ниет білдіруде.

Марапаттау рәсімі Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды  үйлестіру мекемесінде өткізілді. Финалистерді «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облысы филиалының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов құттықтады.

«Бұл байқау 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Өткен жылы облыс әкімінің қолдауымен жеңімпаздарға арналған ынталандыру сыйлықтарының жалпы сомасы шамамен 4,5 миллион теңгені құрады. Бұл жыл сәл қарапайым қаражат қарастырылды. Аудандық жарыстардың нәтижелері бойынша 15 жоба облыстық комиссияның қарауына жолданып, олардың ішінен ең жақсылары таңдалды. Мен барлық қатысушыларға алғысымды білдіріп, байқау жеңімпаздарын құттықтағым келеді. Сіздерге ары қарайда  сәттілік тілеймін », - деді ол.

Облыстық конкурс  нәтижесінде  «Автоеріктілер» номинациясы бойынша өскемендік Анна Мазаеваның жобасы үздік атанды. Қыз еріктілерді біріктіру идеясы  2016 жылы келгенін айтады. Мейірімді қалалықтар көмекке мұқтаж адамдарға барлық мүмкіндіктерінше  көмектесуге дайын, дейді ол.

«Біздің еріктілер мүгедектерге, көп балалы аналарға, зейнеткерлерге қала арасында жол журуге көмектеседі. Қажет болып, көлік болмай, бара алмай жатқан кезде көмек келгенге не жетсін. Мүмкіндігінше мұхтияж адамдарды қолдауға дайынбыз», - дейді Анна Мазаева.

Оның айтуынша, қазірге автоеріктілер тобында қол ұшын созуға дайын  32 қалалық бар.

Тағы басқа түрлі номинациялар бойынша  дипломдар мен құнды сыйлықтар «Ғажайыптар әлемі» қоғамдық бірлестігінің сауықтыру және дамыту орталығының төрайымдары Лилия Мамбуроваға, «Ізгі ниет» қайырымдылық қоры Ирина Ляховскаяға және «Зайсан жастары» мүгедектер қоғамдық бірлестігіне Жансай Мұстабековаға берілді.

Похожее