29.05.2019
Бәсекелі жарысқа барлығы барлығы 18 ШҚО Полиция департаменті және қалалық, аудандық полиция бөлімінен 74 палуан қатысып, бақ сынады.
Облыстық турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген полиция полковнигі Анатолий Құмарбекұлы Мырзаханов:
–Жалпы, қазақша күрес – құқық қорғау органдарында еңбек ететіндер үшін өте тиімді. Себебі, сіздер күн сайын ондаған қылмыспен және қылмыскерлермен бетпе-бет келіп жатасыздар. Сол уақыттарда қызметкерлер кез келген жағдайға дайын болып, әскери жекпе-жек өнерін жоғары деңгейде қолдана білгені дұрыс. Міне, осы жағынан алғанда күрес әдістері – оларға таптырмас құрал, – деді.
Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға келесі командалар ие болды: ШҚО ПД- бірінші орын, Өскемен қ. ЖҚАЖ- екінші орын және үшінші орынға Семей қ. ПБ командасы табан тіреді.
Алты салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен палуандар келесі көсеткіштерге қол жеткізді, олар:
Бірінші орынды Раймханов Елдос (66 келі), Үсенов Мерей (74 келі), Смайылов Асылбек (82 келі), Саматаев Досым (100 келі), Хасенов Ерахмет (100 келіден жоғары), Сыдыков Серикхан (90 түйе палуан-келіден жоғары) иеленді.
Екінші орынды Ахмеров Адлет (66 келі), Тұрсынов Жастілек (74 келі), Мырзақанов Дархан (82 келі), Құрманғалиев Сымбат (100 келі), Темірханов Мейіржан (100 келіден жоғары), Хасенов Ерахмет (90 түйе палуан-келіден жоғары) қанжығаларына байлады.
Үшінші орынды Карибжанов Азамат (66 келі), Жақиянов Бақытжан (74 келі), Сембаев Қайрат (82 келі), Манатов Дарын (100 келі), Айтпаев Самат (100 келіден жоғары), Манатов Дарын (100 келіден жоғары) еншіледі.
Жеңімпаздарды марапаттау салтанатында турнирге қатысушыларды «Динамо» ДШСҚ ШҚО филиалы бірінші орынбасары Ерлан Советұлы Жұмаділов және ШҚО Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Ғалиұлы Үдербаев құттықтап, жеңімпаздарға кубоктар, грамоталар мен бағалы сыйлықтарды табыстады. Осы жарыста топ жарған тарландар республикалық байрақты додада ел намысын қорғайтын болады.
Похожее