04.05.2019
Соңғы бес жылда тіркелген қылмыстар саны біршама төмендегені атап өтілді.
Мысалы, 2013 жылмен салыстырғында олардың саны 28% (32 мыңнан 23 мыңға дейін) азайған, оның ішінде, қасақана кісі өлтіру қылмыстары 3 есе, (2005 жылы 254-тен 2018 жылы 91-ге дейін) азайды.
Ұрлық, тонау, зорлау, қарақшылық шабуыл, бопсалау қылмыстарының саны бойынша оңды үрдіс байқалады.
Криминогендік аухалдың тұрақтандырылуына ведомствоаралық жұмыс топтары арқылы құқық қорғау органдарының нүктелі үйлестірілуі және жүйелі бұзушылықтарды жою және есірткінің заңсыз айналымы мен ұрлықтардың алдын алу шаралары ықпал етті.
Тұрғын үйлердің кіреберістерінде, дүкендер мен сауық орындарында 2 мың бейнекамералар орналастырылды, бұл ұрлық пен тонау қылмыстарырың төмендеуіне елеулі ықпал етті.
Ауылды жерлерде иесіз малдарды қамау үшін арнайы жабдықталған орындар құрылды. Өткен жылы осындай тұрақтарға 500 бас мал орналастырылып, олардың иелерінен 7 млн. теңге өндірілген.
Есірткінің заңсыз айналымының жолын кесу бойынша жұмыс қайта құрылды. Героинды алмастыратын заттарға – азық-түлік өніміне жататын көкнәр мен құрамында есірткі заттары бар медициналық дәрі-дәрмектерге назар аударылды.
Бірінші рет әкімшілік заңнаманың өзгеруінен кейін қатты әсер ететін заттарды бағасын асыра сатқан бір дәріхананың фармацевтикалық қызметі тоқтатылды.
Сонымен қатар, оңды нәтижелерге қарамастан, облыстың кейбір аудандарында жылдың басынан бастап, тіркелген қылмыстар санының өсуі байқалды.
Іс-шараның барысында қайталама қылмыстардың профилактикасы бойынша полиция органдарының ұрланған металдарды, ұялы телефондарды сатып алумен күрес бойынша жұмысын ширату қажеттілігіне, есептік-тіркеу тәртібін жалғандау фактілерінің жол берілмеуіне аса назар аударылды.
Талқылау нәтижелері бойынша Үйлестіру Кеңесінің қатысушылары бірқатар ұсыныс дайындап, құқық бұзушылықтарға шыдамсыздық танытуға, қылмыстылықтықтың профилактикасына бағытталған бірқатар шаралар кешені жөнінде айтылды.
Похожее