Аймақтық тамыз конференциясы. Секциялық отырыстар.

23.08.2018

Қатысушылар: жаратылыстану–математикалық (химия, биология, математика, информатика, география) бағыттағы және гуманитарлық (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, музыка, көркем еңбек) бағыттағы 6,8- сынып мұғалімдері, мектеп басшылары, сондай- ақ әдіскерлер, қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары.

         Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 13 шілдедегі хатына сәйкес Аймақтық тамыз конференциясы кезінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сұрақтар төңірегінде 6, 8- сынып мұғалімдеріне арналған семинарлар мен секциялық отырыстар Назарбаев Зияткерлік мектептері аясында ұйымдастырылатын болады. Бұл шарадағы шеберлік-сабақтарында оқу бағдарламасы мен критериалды бағалаудың ерекшеліктері түсіндіріледі деп жоспарлануда. Жаратылыстану–математикалық және гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша мұғалімдер Шығыс Қазақстан облысы бойынша мектептердегі әріптестеріне өздерінің педагогикалық шеберліктерін қазіргі талаптарға сәйкес кеңейтуге және тереңдетуге «Теңбе- тең» қағидаты негізінде көмектесетін болады. Сондай- ақ сабақтың тиімділігін арттыру үшін тайм-менеджмент, рефлексивті жазу және оқыту тәжірибесін жақсарту мақсатында берілген зерттеулердің сапалық және сандық нәтижесін қолдану бойынша семинар-практикумдар, критериалды бағалау бойынша мектеп координаторлары үшін диалогтық алаң, бұдан бұрын Зияткерлік мектеп негізінде оқыған жаратылыстану – математикалық циклдағы пәндерді ағылшын тілінде жүргізетін ұстаздар үшін ағылшын тілінде оқытуда CLIL тәсілдерін қолдану туралы семинар – практикумдар ұйымдастырылады деп күтілуде.

Ал аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорлары және директорлардың орынбасарлары мектептің даму жоспарын құрудың жаңаша қыр-сырын меңгеріп, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың ерекшеліктерін үйренеді.  

         Қатысушылар үшін материалдарды «жүктеу аймағы» дайындалды, бағалау және бағдарлама бойынша ұсыныстар мен әдістемелік құралдардың көрмесі мен сату аймағы да бар.

         Бұндай тәжірибе тарату негізіндегі Аймақтық тамыз конференциясы аясындағы шара осымен екінші рет өткізіліп отыр. Бірінші тәжірибе өткен  оқу жылында оқытудың тиімділігі туралы өткізіліп, оның қорытындысы бойынша білдірілген оң пікірлер тәжірибе тарату үрдісін жандандыра түспек.

Похожее