Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру

18.09.2018

2018 жылдың қыркүйек-қараша айлары аралығында (Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында) «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» гранты аясында ақпараттық-түсіндіру топтарының әртүрлі деңгейдегі мүшелерін даярлау жұмыстарын жүргізеді.

Жобамыздың мақсаты – мақсатты топтар арасында экстремистік идеялардың таралуының алдын алуға бағытталған жұмыстардың сапасын арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің, инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы, әлеуетін нығайту болып табылады. Сонымен қатар, азаматтардың дін мәселелері жөнінде толық және сенімді ақпаратты мемлекеттік құрылымдардың құзыретті өкілдерінен және білікті мамандардан, дінтанушылардан, теологтардан алуларына жағдай жасау. 
Жобаның міндеттері: 
1. Ақпараттық-түсіндіру топтарының кәсіби қызметін жетілдіруде республика бойынша бірыңғай әдіснамалық және әдістемелік қағидаларын әзірлеу. Дін саласында мемлекеттік саясатты жеткізуші ретінде АТТ мүшелерінің жауапкершілігі мен имиджін көтеру. Дәстүрлі емес діни ағымдардың радикалды идеяларының тарап кетпеуінің алдын-алу жұмыстарына мамандарды даярлауда кешенді, конфессияаралық, пәнаралық тәсілдерді қарастыруды ұйымдастыру;
2. Діни экстремизмнің алдын-алу және халықтың антитеррористік санасын қалыптастыру бағытындағы ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын жетілдіру мақсатында білікті дәріскерлердің - барлық деңгейдегі АТТ мүшелерін даярлау.
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының әр түрлі деңгейдегі мүшелеріне арналған оқыту курстары келесі қалаларда өткізіледі (өткізу уақыты кейінірек хабарланады):
 Қарағанды қаласында - Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдеріне; 
 Көкшетау қаласында - Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының өкілдеріне; 
 Талдықорған қаласында Алматы, Шымкент қаласының, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының өкілдеріне;
 Орал қаласында - БҚО, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау облыстарының өкілдеріне; 
 Астана қаласында – Астана қаласының және республикалық ақпараттық түсіндіру топтарының мүшелеріне ұйымдастырылады.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс түрлері арқылы хабарласуға болады: +77773383691 (WhatsApp), kmc_parasat@mail.ru 

Похожее