ШҚМУ эксперименталды білім беру бағдарламаларын әзірлеуде

04.08.2018

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Емдік психология», «Химиялық қылмыстық сараптама», «Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті», «Жаратылыстану», «Тарихи туризм», «Гидробиология және балық шаруашылығы» және т.б. бірқатар эксперименталды білім беру бағдарламаларын дайындауда.

Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінде мәлімдегендей, келешекте 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 5В070500 «Математикалық және компьютерлік үлгілеу» және т.б. мамандықтар бойынша лицензиялы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру жоспарда бар.

Сонымен қатар, қазіргі күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ әзірленіп жатқан білім беру бағдарламаларын, біртұтас ақпараттық жүйе арқылы еліміздің ЖОО-ның білім беру бағдарламалары реестріне енгізу бойынша жұмыстар атқаруда.

Айта кету керек, 2017-2018 оқу жылдарында жүзеге асқан жаңа білім беру бағдарламалары, «Мамандықтар классификациясы» шеңберінде құрылған.  Әзірлеу процессіне университеттің әлеуметтік серіктестері қатысып, бірлесе шешім қабылданған болатын. 

Похожее