Дариға Дайрова, «Нұр Отан» партияларынан Семей қалалық мәслихатының депутаты

08.11.2019

«Мемлекеттің негізгі ұстамы  көмекке шынайы мұқтаж азаматтарға көмектесу болғандықтан бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектеседі. 

АӘК алатын балалардың 60%-ға жуығы көп балалы отбасылардан турады. Осы орайда дұрыс шешімін тапқан мәселе,  ол көп балалы отбасы – аз қамтылған отбасы деген стереотиптен алынып,  көп балалы отбасыларды жеке санатқа шығарып, оларға кепілдендірілген жәрдемақы ұсынылуы!!!
Егер әлемдік стандартқа қарап салыстыратын болсақ, әлеуметтік көмек барлық елдің тәжірибесінде бар нәрсе. Егер әлеуметтік көмектің көлемі тым көп болып кетсе, онда ол халықты масылдыққа итермелейді. Халық арасында осы жағдайды пайдаланып қалғысы келетіндер де кездесетіні рас. Мәселені көтеріп, шулатып, баспаналы болып қалайық дегендер де бар. Демек, мұның да бір шегі бар. Мемлекет жағдайы нашар адамдарға әлеуметтік көмек беруі тиіс. Бірақ оны тұтастай әлеуметтік мәселесін шешіп тастайтындай етіп жасамауы керек. Егер солай болса, онда масылдық тудырады. Меніңше, көмектің мөлшері орташа деңгейден жоғары болуы тиіс.
Көп балалы отбасылардың   арасында АӘК туралы мүлдем естімеген жандар да кездеседі. Әрине, мен  өз тарапымнан оларға мемлекеттен осындай көмектің беріле бастағандығын айтып, құзырлы орындарға жүгіну керектігін түсіндіреміз.  Көмекке зәру отбасылардың көбінің ортақ  проблемасы бар. Яғни, олар құжат жинау мен  рәсімдеудің жолдарын түсінбейді, қайда бару керектігін білмей, дал болады. Міне, осы орайда оларға кеңес берілсе, түсіндіру жолдары жақсылап қолға алынса, деген тілек бар».

Похожее

Первомай: солидарность трудящихся
Первомай: солидарность трудящихся

03.05.2024 19:30

- Для нас данный день напрямую связан с нынешним...

Какая дорога ведёт к «Справедливому Казахстану»?
Какая дорога ведёт к «Справедливому Казахстану»?

27.04.2024 08:19

А как идея «Справедливого Казахстана» может...

Всеобщая подозрительность к своим гражданам
Всеобщая подозрительность к своим гражданам

17.04.2024 21:31

Так ли необходимо декларирование доходов...

Капитализм стреляет, взрывает, убивает
Капитализм стреляет, взрывает, убивает

26.03.2024 15:01

Конечно, можно выселить всех мигрантов, закрыть...