08.11.2019
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу кезеңдерінің бірі кандидаттардың көшбасшылық қасиеттерін, стратегиялық көзқарас деңгейін, уәждемесі мен құндылықтарын бағалауға бағытталған «Әлеуетті бағалау» болып табылады.
Бұл кезеңнің ерекшелігі оның бірнеше құрамдастан тұруы жобаны таныстыру, эссе жазу және құзыреттілікті бағалау. Кезеңді үміткерлер ағымдағы жылғы 22 қазан - 3 қараша аралығында өтуге мүмкіндік алды. Аталған кезеңге 530 адам қатысты.
Айта кету керек, тестілеуді верификациялау кезеңінен бастап әрбір келесі кезеңге барынша мүмкін болатын 100%-дық мәннен белгіленген пайыз үлесі келеді.
Мысалы, верификацияға - 10 %, жобаны таныстыруға – 9 %, эссеге – 15 %, құзыреттілікті бағалауға – 36 %, әңгімелесуге – 30 % келеді.
Қатысушылар жобаларды таныстыру және эссе жазуды pkrezerv.kz автоматтандырылған жүйесінде бейне және аудиофиксация арқылы онлайн өтті.
Эссе арқылы үміткерлер белгіленген мәселелер бойынша өзінің дәлелді көзқарасын, білгірлігі мен білімінің кеңдігін, сыни ойлау деңгейін, тұжырымдардың дәйектілігін және негізділігін дәлелдейді.
Жобаларды таныстыру үміткердің таңдап алынған лауазымдар тобына байланысты тиісті саланы немесе қызметтің бағыттарын дамыту бойынша көзқарасын бағалауға бағытталған.
Құзыреттілікті бағалау үшін жеке және топтық ассесмент құралдарын пайдалана отырып, кандидаттардың мінез-құлық индикаторлары арқылы қажетті дағдыларды анықтау үшін сертификатталған бағалаушылар тартылды. Құзыреттерді бағалаудың барлық рәсімі кәсіби супервизорлардың бақылауымен өтеді.
Мемлекеттік басқару академиясының Құзыреттілікті бағалау орталығының басшысы Динара Дауренбекова топтық асессментте қолданылған жаттығулар бірегей және серіктес - беделді халықаралық компаниямен «Президенттік жастар кадр резерві» жобасы үшін арнайы әзірлегендігін атап өтті.
«Бұл жобаға өте мұқият дайындалдық... Әдеттегі жұмысқа қабылдау кезіндегі сұхбатта анықтық 10-20% құрайды, себебі біз адаммен жай ғана сөйлескен кезде ол кез келген нәрсені айтып бере алады. Бірақ ол асессментке келгенде - біз сұрамаймыз, біз жай ғана бақылаймыз. Адамның бір нәрсені ойлап шығаруға ешқандай мүмкіндігі жоқ, себебі ол толығымен процеске қосылады. Біз жағдайды, жұмыс кеңестерін бейнелейміз, арнайы жаттығулар беріледі және адам шынайы қалпында болады, тек осындай жағдайда ғана адамның шын мәнінде қандай екенін бағалау оңай... Топта 8 адамнан жиналған уақытта біз топтық пікірталастар өткіздік. Әрбір топты бағалау үшін кем дегенде 4 бағалаушы, фасилитатор, әкімші және алып жүруші тартылды. Бұл топты сүйемелдеген пул...», - деп атап өтті Динара Дәуренбекова.
Іріктеудің келесі кезеңі - үміткерлердің Сарапшылық комиссиямен әңгімелесуі 27 қараша - 13 желтоқсан аралығында өтеді. Осы кезеңге іріктеудің алдыңғы кезеңдеріндегі балдардың жиынтығы бойынша ең жақсы нәтижелерді көрсеткен 400 адамнан аспайтын адам жіберіледі.
Естеріңізге сала кетейік, бәсекеге қабілетті әрі жасампаз жастарға қолдау көрсету үшін Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен елімізде «Президенттік жастар кадр резерві» жобасына іріктеу жүргізілуде.
Жоба Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың қолдауымен іске асырылуда.
Резервке отыз бес жастан аспаған, жоғарғы білімі және бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы алынуы мүмкін.
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысу үшін бастапқы тіркеуден 13212 адам өтті, олардың 7312-і тіркеу рәсімін толық аяқтады. Қабілеттерді тестілеуге 5745 үміткер қатысты, оның ішінде верификация кезеңіне ең жоғары баллмен 902 адам жіберілді. Тестілеуді верификациялаудан кейін 549 қатысушы келесі іріктеу кезеңі - «Әлеуетті бағалауға» өтті.
Президенттік жастар кадр резервіне өткендер саяси және жоғары әкімшілік лауазымдарға, ұлттық холдингтар мен компаниялардың жоғары басқарушы лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндік алады.
Похожее
03.05.2024 19:30
- Для нас данный день напрямую связан с нынешним...
27.04.2024 08:19
А как идея «Справедливого Казахстана» может...
17.04.2024 21:31
Так ли необходимо декларирование доходов...
26.03.2024 15:01
Конечно, можно выселить всех мигрантов, закрыть...