05.08.2022
Шығыстың есімі елге танымал спортшылары, мәдениет және өнер қайраткерлері референдумға белсенді қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетіп жатыр.
Солардың бірі, Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы, «Қазақстан барысы», «Әлем барысы» атақтарының иегері Айбек Нұғымаров Семейдегі №178 учаскеде дауыс берді.
– Осы референдумнан кейін біздің елімізді үлкен өзгерістер күтіп тұр. Мен бүгін өз таңдауымды жасадым. Адамдардың учаскелерге көтеріңкі көңіл-күймен барып жатқаны қуантты, - дейді облыстық мәслихат депутаты, Семей Көлік колледжінің директоры Айбек Нұғымаров.
Семейде ауа-райының қолайсыздығына қарамастан халықтың жоғары белсенділігі байқалады. Қаладағы сайлау учаскелерінде Қазақстанның атақты футболшылары да өз таңдауын жасады.
– Біз Андрей Карповичтің достарының футбол мерекесіне Семейге арнайы келген едік. Бүгін еліміз үшін айтулы күн. Әрбір азамат өзінің дауысы арқылы елімізде болатын өзгерістерге өз үлесін қосуға мүмкіндігі бар. Сондықтан біз осы мүмкіндікті пайдаланып, Семейдегі сайлау учаскесінде дауыс бердік, - деді футболдан Қазақстанның үш дүркін чемпионы Давид Лория.
Сондай-ақ даңқты жерлестеріміз Самат Смақов пен Андрей Карпович те саяси науқаннан тыс қалмады.
– Кеше біз тамаша футбол мерекесін өткіздік. Нағыз мереке болды. Ауа-райы мен атмосфера керемет болды. Барлығы өте көңілді өтті. Бүгін – тарихи күн. Конституцияға енгізілетін өзгерістерге әрбір азамат өз үлесін қоса алады. Туған қалама келіп дауыс бергеніме қуаныштымын. Азаматтық ұстанымның болғаны өте маңызды, Мен не қалайтынымды білемін және референдум бізге үлкен мүмкіндіктер сыйлайтынын түсінемін, - деп түйіндеді ойын атақты футболшы Андрей Карпович.
Бүгін Алтай ауданында алғаш рет пауэрлифтингтен спорт шебері, халықаралық, республикалық, облыстық жарыстардың қатысушысы Әмина Волченко дауыс берді.
– Тәуелсіз еліміздің тарихына көз жүгіртсек, біраз жылдан кейін мінеки референдум өткізіліп жатыр. Еліміздің басты заңы ретінде Конституцияға айтарлықтай өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады. Бұл азаматтарға өзінің азаматтық ұстанымын көрсетуге тамаша мүмкіндік, – дейді есептейді Әмина.
Похожее
03.05.2024 19:30
- Для нас данный день напрямую связан с нынешним...
27.04.2024 08:19
А как идея «Справедливого Казахстана» может...
17.04.2024 21:31
Так ли необходимо декларирование доходов...
26.03.2024 15:01
Конечно, можно выселить всех мигрантов, закрыть...