Көкшетауда екі жігіт асылып қалды

01.08.2017

24 және 25 жастағы екі жігіт салынып бітпеген қараусыз ғимаратта асылып қалған.

Екі жігіт өз-өзіне қол салған, олардың бірін жедел жәрдем бригадасы фельдшері құтқарып қалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігі.

Оқиға 31 шілде кешкісін болған. Жедел жәрдем станциясына қала тұрғыны хабарласып, салынып бітпеген қараусыз ғимаратта екі адамның асылып қалғанын хабарлаған.

Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем бір адамды аман алып қалды, ол қазір облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Екінші ер адам көз жұмған.

Құқық қорғау органдары қаза болған 1993 жылғы жігітті тексеру барысында хат тауып алған, онда өздерінің өліміне ешкімді кінәламауды сұрапты. Тура сондай хат аман қалған 1992 жылғы жігіттің қалтасынан табылды. Екеуі де Бурабай ауданы тұрғындары.

Ақмолалықтарды мұндай қадамға не итермелегенін тергеу анықтайды.

Фото:Misto.kh.ua

Похожее