23.07.2018
Конкурс келесі номинацияларды қамтиды:
№ |
Номинация атауы |
Сипаттамасы |
1
|
«Жыл меценаты» |
Туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін |
2
|
«Туған өлке»
|
Елді мекендерді аббаттандыруға, саябақтар, алеялар, ескерткіштер, балалар ойын алаңдарын реконструкциялауға және салуға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырған, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт салаларында демеушілік көмек көрсеткені үшін |
3
|
«Жыл тұлғасы»
|
Белсенді азаматтық ұстанымы, түрлі бағыттардағы кең ауқымды қайырымдылық қызметі үшін (тек жеке тұлғалар үшін) |
4 |
«Жылдың үздік ұйымы» |
Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды және/немесе акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін, қайырымдылық көмек берудің жаңа тиімді түрлерін енгізгені және/немесе қоғамдық маңызы бар шараларға бас демеушілік жасағаны үшін (тек заңды тұлғалар үшін) |
5 |
«Ерен еріктілік» |
Волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны үшін |
КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ
Азаматтарды өңірдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған белсенді әлеуметтік, қайырымдылық және ерікті іс-шараларға ынталандыру жолымен тұрғындар бойына туған өлкенің,елдің, халықтың тағдырына деген жауапкершілік сезімін нығайту жағдайларын жасау.
КОНКУРСТЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Жерлестеріміздің әлеуметтік белсенділігінің үлгілері;
Азаматтық белсенділікті арттыру;
Патриотизмді және туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
Тұрғындардың өмір сапасын арттыру және елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту;
Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, коммуналдық шаруашылық салаларындағы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру (реконструкциялау және жаңа әлеуметтік нысандар салу, материалдық ресурстар сатып алу);
Қайырымдылық, демеушілік, меценаттықтың барлық формаларын ынталандыру;
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасына қатысушылар санын арттыру.
Похожее
23.07.2018 15:55
20-22 июля на базе научно-практического центра...
21.07.2018 09:10
Экскурсию по древнему неолитическому комплексу...
20.07.2018 00:16
Новый пласт в истории всей страны. В ходе раскопок...
20.04.2018 13:54
19 апреля также прошла первая сессия молодежного...
14.04.2018 10:08
В ВКО был запущен проект по оснащению 277 школ...