Үржарда ірі ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып жатыр

26.05.2017

Кооперативтерде барлығы 270 адам жұмыспен қамтылған.

Бүгінгі күні ауданда 23 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылған. Бұл туралы ШҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин мәлімдеді, деп хабарлайды 16news.kz ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасай отырып.

Құрылған кооперативтердің 1-еуі өсімдік шаруашылығын дамыту үшін, 1 кооператив сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамыту, 1 кооператив жеке қосалқы шаруашылықтардың қоғамдық тобының ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз ету бойынша, 3 кооператив аралас қызметпен және 17 кооператив ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту бойынша құрылған. Кооперативтер құрамында 1952 бас ірі қара, 124 бас жылқы, 2056 бас ұсақ мал және 2310,3 га ауыл шаруашылық жерлері бар. Оларда барлығы 270 адам жұмыспен қамтылған.

«Кооператив құрамында мүшелерінің саны 20 және одан жоғары адамдары бар барлығы 5 кооператив ашылған. Сонымен қатар, құрамында 20 адамы бар 2 кооперативтің  құжаттары әділет басқармасында тіркелу үстінде. Тиісті жұмыстар жалғастырылуда», —деді С. Зайнулдин.

Былтыр аудан көлемінде өндірілген ет көлемі –  17 816,5 тонна (106,7 %), сүт – 73 520 тонна (104,6%), жұмыртқа – 16 846 мың дана (101,3 %), қырқылған қой жүні – 626 тоннаны (100,9%) құраған. Бұл орайда, агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға жасалған көмектің үлесі қомақты екенін ескерген жөн.

Фото: ШҚО ақпараттық орталығы

Похожее

Цифровые инновации привлекают молодежь в сельское хозяйство
Цифровые инновации привлекают молодежь в сельское хозяйство

05.09.2018 09:35

Молодежь во всем мире продолжает избегать...

ФАО содействует развитию органического сельского хозяйства в Казахстане
ФАО содействует развитию органического сельского хозяйства в Казахстане

02.08.2018 09:40

Стимулируя прогресс в области развития...

Сельскохозяйственный прогноз на ближайшее десятилетие
Сельскохозяйственный прогноз на ближайшее десятилетие

04.07.2018 09:39

ОЭСР-ФАО: Необходимо правильно прогнозировать...