«ДВК-ның» және Әбілязовтың сыбайластары – қазақстандық сот төрелігінен жасырынып жүрген тұлғалар

19.06.2018

Бас прокуратурамен әлеуметтік желіде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының арандату хабарламалары мен бейнероликтерінің тарағаны анықталды.

Онда Әбілязов пен оның сыбайластары Қазақстан азаматтарын ағымдағы жылғы 23 маусымда митингтерге шығуға шақырады.

 «ДВК-ның» идеялары мен митингтерді үгіттеу үшін Әбілязовқа шетелде белгілі заңгер деп танымал Бота Джардемали, Жанар Ахметова (Жанна Бота) белсенді көмектесуде.

Шынында бұл тұлғалар шетелде қазақстандық сот төрелігінен әртүрлі ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жасырынып жүр, олардың іс жүзіндегі мақсаты – қылмыстық қудалауды саясаттандырып, көзделген жауаптылықтан жалтару.

Похожее