Көкшетау қаласында дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау курсы өз мәресіне жетті

27.11.2018

«Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы жобаны жүзеге асыруда. 2018 жылдың 23 қарашасында Көкшетау қаласында жоба шеңберінде өтіп жатқан ақпараттық-түсіндіру топтарының әртүрлі деңгейдегі мүшелерін даярлау курсы аяқталды.

5 күндік оқыту курсына 130-дан астам адам қатысты. Аталмыш іс-шараға дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелігіне кіретін әр түрлі сала мамандары, соның ішінде: жалпы білім беретін негізгі мектептердің директорлары мен зайырлылық және дінтану негіздері пәнінің оқытушылары, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органының өкілдері, спортшылар, азаматтық емес ұйымдардың және діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Курстың соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды, соның ішінде, 23 қатысушыға Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің «Өңірлік дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі» деген арнайы куәліктері табысталды.

Жиын барысында Көкшетау облыстық дін істері басқармасының Діни бірлестіктермен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Б.Жұмағұлов қатысушылардың алдағы атқарылар жұмысына сәттілік тілеп, алған марапаттарымен құттықтады.

Похожее